Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Қауіпсіз жол” акциясы өтуде

ШҚО-да “Қауіпсіз жол” акциясы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылдың 14-21 шілдесі аралығында “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара шеңберінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарының, оның ішінде: басып озу, қарсы бағытқа шығу, мас күйінде көлік құралын басқару, маневр жасау, жылдамдық режимі және қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын құрылғыларды пайдалану ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Айта кетсек, 2021 жылдың алты айында облыс жолдарында 356 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 43 адам қаза тауып, 474 адам жарақат алды.

Ағымдағы жылдың басынан бері 130 007 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде:
– жаяу жүргіншілер өткелінен өту – 5 376 бұзушылық,
– мас күйінде көлік құралын басқару – 927 бұзушылық,
– телефонды пайдалану – 8 369 бұзушылық,
– қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу-633 бұзушылық,
– жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуы-20 349 бұзушылық.

Аталған акция апатты жағдайдың алдын алуға және төмендетуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру