ШҚО-да ҚАЖ қызметкері Сәбилер үйінің қамқоршылық кеңесіне сайланды
ШҚО-да қатаң режимді колония қызметкері Семей қаласының Сәбилер үйінің камқоршылық кеңесіне сайланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының Сәбилер үйінің камқоршылық кеңесінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты кеңестің жаңа құрамы бекітіліп, оған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесінің тәрбие бөлім бастығы Руслан Камаржанов енгізілді. Кеңестің басты міндеттері – мекеменің дамуы мен іс-әрекеттерін қамтамасыз ететін бюджеттік емес қорларды тарту, сайыстар мен байқаулар ұйымдастыруға көмек көрсету. Ендігіде мекеме қызметкері Сәбилер үйінде өткізілетін маңызды іс-шаралардың дайындалуы мен өткізілуіне қатысты сұрақтарды талқылауға қатысатын болады.
– Жан-жақты, алғыр бала тәрбиелеу – сан қырлы да күрделі процесс. Осы мақсатқа жету жолындағы моральды, материалдық және физикалық шығындардың толық көлемінің барлығы – біздің педагогико-медициналық ұжымға өте ауыр жүк болып тиетінін жасырмаймын. Қамқоршылық кеңесі – біздің Үйді жан-жақты қолдаудағы практикалардың бірі. Бұл мекеменің жеке құрамы көптеген жылдар бойы бізге әртүрлі көмек түрлерін жүйелі түрде ұсынып келеді. Сондықтан да біздің Үйдің дамуына үлкен ықпал ететін сұрақтарды шешу жұмысына олардың қатысуын өте дұрыс деп шештік. Әрбір тәрбиеленушінің дамуы мен тағдыры біздің барлығымызды толғандыратыны хақ. Өз атымнан және барлық педагогтар атынан осы батыл Отан қорғаушыларға олардың істеген жақсылықтары үшін алғыс білдіремін, – дейді Сәбилер үйінің директоры Ербол Ибрагимов.