Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері көп балалы отбасыға көмектесті

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің бастығы К.Жусуповтың бастамасымен елдегі қиын қыстау кезеңде уақытша жұмыссыз қалып, қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы тарапта мекеме қызметкерлері бір күндік еңбек ақыларын жинап, материалдық жағдайлары төмен, аз қамтылған отбасыларға көмектесу шарасын бір ауыздан қолдады. Осы бір қиын кезеңде мектеп жасындағы төрт баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Роза Магамбетованың отбасына мекеме ұжымы атынан азық-түліктер алынып, жаңа оқу жылының басталуына орай балаларына оқу құралдары табысталып, тұрмыста керекті заттарды алуға ақшалай көмек көрсетілді.

– Осындай еліміздің басына түскен қиын қыстау кезеңде бірлігімізді көрсетіп, бір-бірімізге көмек қолын созу ол әр азаматтың міндеті деп білеміз, – дейді ҚАЖД қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру