Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған мыңнан астам құқық бұзушы анықталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қоғамдық орындарды ластаумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығы тұрғындарының арасында кеңінен таралған әрі жиі кездесетін құқық бұзушылық – қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарау, яғни қоқыс пен қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастау.

2024 жылдың қорытындысы бойынша полицейлер қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1190-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Ал осы жылдың алғашқы 8 күннің өзінде 25-ға жуық факті тіркелген.

Ұсақ бұзақылықтың басым бөлігі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталады. ЖБО камераларының  көмегімен 500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелгенін айта кеткен жөн. Қазіргі таңда барлық анықталған жағдайлар бойынша тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заң мен тәртіп – құқық қорғау органдарының басты қағидасы. Полицейлер Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес қоғамдық орындарды ластауға тыйым салынатынын ескертеді.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын айыппұл мен басқа да жазаларға тап болмас үшін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру