ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының бес күннің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары ізін суытпай 147 қылмысты және бұрын жасалған 74 қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында 7800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ұсақ бұзақылықтың 955 дерегі, спирттік ішімдіктер ішудің немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 1270 дерегі, тыныштықты бұзудың 237 дерегі, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамаудың 1014 дерегі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 1301 дерегі бар.
Мәселен, 2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 15.10-да «Алматы-Өскемен» тас жолының 970 шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары «Тойота Камри» маркалы автокөлікті тоқтатып, оның салонынан тиісті құжаттарсыз 136 келі балық табылған. Келтірілген шығын 265 000 теңгені құрады. ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабына сәйкес (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) әкімшілік хаттама толтырылды.