ШҚО-да республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру және жолаушылар тасымалына бақылауды күшейту.
Апаттылықтың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЖПІШ-тің алғашқы екі күнінде ШҚО полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 360 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:
қарсы қозғалыс жолағына шығудың 2 фактісі;
көлік құралын мас күйде басқарудың 1 фактісі тіркелді.
Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға шақырады. Себебі жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жауапкершілігінен басталады.
