ШҚО-да сенгіш әйелдің есебінен ақша тапқан алаяқ ұсталды
ШҚО-да сенгіш әйелдің есебінен ақша тапқан алая ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының ортасында риддер АПБ кезекші бөліміне 35 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Жәбірленушінің сөзінше ол үй жиһаздарын дайындап беремін деп оның 810 мың теңгеден артық қаражатын иемденген 30 жастағы жеке кәсіпкердің, алаяқтың құрбаны болған.
Осы хабарламаны алған полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні қолға түсірді.
Бүгінгі күні қаскүнемге ешқайда кетпеуі туралы қолхат берілді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.