ШҚО-да сотталған әйел жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД пробация есебіндегі сотталған әйел жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық сотында ШҚО бойынша ҚАЖД Ұлан аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған әйел мерзімінен бұрын босатылды.
– Есептегі әйел өзінің жазасын өтеу барысында құқық бұзушылықтарға жол берген жоқ. Бұл оның бірінші соттылығы. ҚР ҚК-нің 72-бабына сәйкес мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы оның өтініші сотта қаралып, қанағаттандырылды. Біздің тарапымыздан оған психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсетіліп, істі болған әйелдің алдағы уақытта дұрыс жолдан таймауы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілді, – деді Ұлан аудандық пробация қызметінің бастығы Жанболат Кенесханов.
– Бүгін мен үшін қуанышты күн. Басымнан өткен барлық жағдайларды ұмытып, жаңа өмір бастаймын. Бұл мен үшін екінші мүмкіндік, – деді ол.