ШҚО-да тәлімгерлер жас полицейлерге ҚР Конституциясын табыстады
ШҚО-да тәлімгерлер жас полицейлерге сенім білдіре отырып, ҚР Конституциясын табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Конституциясы күні қарсаңында полиция департаментінің тәлімгерлер кеңесі облыстың патрульдік полиция батальоны басшылығының қолдауымен Юрий Костанянцтың үй-мұражайында жас қызметкерлермен кездесу өткізді.
Полицейлерді шебердің қазақ халқының тарихы мен тұрмысына арнаған алғашқы жұмыстары, сондай-ақ өзінің әсемдігімен және орындау шеберлігімен ерекшеленетін жаңа туындылар мен «Ұлы даланың ұлы адамдары» экспозициясы таң қалдырды. Мұнда болған адам әртүрлі эмоциялардың тұтас спектрін бастан кешіреді және бұған мүсіндердің өздері, олардың орналасуы, көлеңкелер мен жарық сәулелерінің ойнауы және әрине әр образ үшін шебер таңдалған сиқырлы музыка сияқты көптеген факторлар әсер етеді.
Ағаш ертегі, ағаш шығармашылық мұражайы, халық қолөнері, ағаш үйі – бұл таңғажайып ғимараттың көптеген атаулары бар. Бірақ оның барлығын біріктіретін талантты, ерекше шебер, мүсінші, ағаш оюшы Юрий Костанянц.
– Әркім өз ісімен шебердің шедевр туындыларын жасағанындай тиянақты айналысуы керек. Сол сияқты әрбір полиция қызметкері барлық күш – жігерін басты кәсіби міндеттерін орындауға – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамның жоғары конституциялық құндылықтарын қорғау, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағыттауы қажет, – дейді ПД тәлімгерлер кеңесінің мүшесі Инна Рыкова.
Тәлімгерлер кеңесінің атынан Инна Рыкова әрбір жас тәртіп сақшысына Қазақстан Республикасының Конституциясын табыс етті. Өйткені олар еліміздің айбынды бейнесі Қазақстан Республикасының негізгі заңының рухы мен әрбір әріпіне толық сәйкес келуі үшін барлық жағдайды жасай отырып, қарқынды өзгерістерді жалғастыратын болады.