ШҚО-да тәулік ішінде алимент төлемей жүрген екі адам анықталды
ШҚО-да тәулік ішінде алимент төлемей жүрген екі адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қалалық ПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушыларынан кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлемеген және оларға 1 млн теңгеден астам қарыз болған азаматтарға іздеу жариялау туралы қаулылары келіп түсті.
Іздеу іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде борышкерлердің орналасқан жерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады.
Жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті бір тәулік ішінде 25-тен астам борышкерді анықтаған.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша әкімшілік және қылмыстық жаза көзделгенін ескертеді.