Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ТҚКО қызметкері клиенттің көлігін айдап кетті

ШҚО-да ТҚКО қызметкері клиенттің көлігін айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының ПБ «102» жедел арнасына 23 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың 6 тамызында белгісіз біреу техникалық қызмет көрсету орталығындағы Mercedes автокөлігін иемденгені туралы хабарлаған. Келтірілген залал 1 200 000 теңгені құрады.

Хабарлама түскеннен кейін патрульдік полиция инспекторлары «қармау» жоспарын жариялап, қаскөй Шемонаиха қаласында ұсталды.

Тексеру барысында жәбірленуші көлігін ТҚКС-ға жөндеуге қалдырып, қайтып келгенннен кейін көліктің жоқтығын анықтаған. Ұрлықты жасаған осыған дейін жүргізу құқығынан айырылған, көлік жөндеу орнының 30 жастағы қызметкері екені анықталды. Қаскөйді ұстау барысында ол мас күйінде болған. Күдікті кінәсін мойындады.

Автокөлік Шемонаиха қаласының мамандандырылған тұраққа қойылды.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі, 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру