ШҚО-да үй ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды
ШҚО-да үй ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Аягөз ПБ кезекші бөліміне 61 жастағы әйел хабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдар оның үйіндегі ас үй бөлмесіндегі шкафтағы сөмкеден үш сақина, бір жұп сырға, SAMSUNG ұялы телефонын жасырын ұрлап, жалпы сомасы 885 мың теңгеге материалдық залал келтіргенін айтқан.«Образ ++» базасы мен бейнебақылау камерасының көмегімен тергеу-жедел тобы бұрын сотталған 34 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді. Тергеу барысында ұрланған мүлікті беріп, кінәсін мойындады.
Жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.