Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да үйінен қашқан жеткіншек қыз Алматыда тұрмысқа шығып кеткен

ШҚО-да үйінен қашқан жеткіншек қыз Алматыда тұрмысқа шығып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Семей қаласының полиция басқармасына 49 жастағы әйелден өтініш келіп түсті, ол 12 қыркүйек күні кешке сағат 18:00 шамасында үйден қашып, үйіне оралмаған, 14 жастағы қызын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 15 қыркүйекте ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Семей қ. криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп үйінен қашқан кәмелетке толмаған баланың Павлодар қаласынан тапқан.

Белгілі болғандай, қыз «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы көрші қалада тұратын жігітпен танысып, онымен кездесу үшін үйінен кетуді шешкен. Жасөспірім тәртіп сақшыларына үйден өз еркімен кеткенін айтқан, оның сеебі ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтіні болып шықты. Оқушысы қыз Семей қаласына жеткізілгеннен кейін жедел уәкілдер оны туыстарына тапсырды.

Осыған ұқсас оқиға Өскеменде болды, 48 жастағы әйел 1 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына хабарласып, кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын жеткізген.

Оның 8-сыныпта оқитын қызы ағымдағы жылдың маусым айының соңында үйден кетіп, баласын Алматыдан тауып, үйіне алып келуге бел буған екен. Қаладан шығар алдында жанармай бекетіне тоқтаған сәтте қызы қайтадан қашып кеткен.

19 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Алматыда жасөспірім қызды тапқан. Онымен сөйлескен жедел уәкілдер оның үйден өз еркімен кеткенін анықтаған, ол Алматыда өмір сүргісі келіп, сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып кеткен. Тәртіп сақшылары оны ата-анасының үйіне қайтарды.

Осы қыркүйекте полиция тағы бір кәмелетке толмаған адамды тапты.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Семей қаласының полиция басқармасына 20 жастағы жас жігіт 17 жастағы әпкесі 17 тамыз күні таңертең үйден шығып, содан кейін оралмағанын хабарлап, жүгінді. Қыздың қалтасындағы ұялы телефон сөндірулі болған. 20 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлері оны Нұр-Сұлтан қаласында бойжеткен жұмысқа орналасуға тырысқан сәтте тауып алған.

Әңгіме барысында ол алдымен Түркістанға келіп, әлеуметтік желіде бұрын танысқан жігітімен жақсы өмір іздеп елордаға келгені белгілі болды. Полиция кәмелетке толмаған баланы туыстарына қайтарды.

Жоғарыда аталған қыздардың барлығы арнайы қосымшалар арқылы басқа қалаларға таксимен жетіп отырған.

Көбінесе дисфункционалды отбасылардан шыққан балалар қашады, бірақ туыстарымен қақтығыстардан кейін кететіндер де бар.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен, әсіресе жасөспірімдермен қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз, олармен сөйлесуге уақыт табыңыз. Баламен сөйлесу, оның өміріне қызығушылық таныту, бос уақытында не істегенді ұнатады, қандай фильмдер көруді, компьютерлік ойындарды ұнатады. Мүмкін бұл қиын, бірақ қажет, өйткені ата-ана баласымен сырласуы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру