ШҚО-да Үлкенбөкен ауылының тұрғыны ауылдасының малын ұрлап кетті
Үлкенбөкен ауылының тұрғыны ауылдасының малын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Көкпекті ауданының ПБ кезекші бөліміне Үлкенбөкен ауылының 47 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың 27 қыркүйегінде ауылдық округтегі мал жайылымынан белгісіз біреулер бір бас ірі қара малды ұрлағанын хабарлаған.
Келтірілген зиян көлемі 450 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.