Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҰОС және ІІО ардагері Құрмат Рахимов ғасырлық мерейтойын атап өтті

ШҚО-да ҰОС және ІІО ардагері Құрмат Рахимов ғасырлық мерейтойын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде атаулы күнге орай Шығыс Қазақстан полицейлері батыр Рахимовқа арналған мурал мен құрмет тақтасының ашылу рәсімін өткізді.

Арт-объектінің салтанатты ашылуына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков, ардагерлер, ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері, Құрмат Рахимовтың туыстары мен жақындары қатысты.

– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің, жеке құрамның және жеке өзімнің атымнан Құрмат Рахымұлын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Бұл маңызды салтанатты шараның полиция күні қарсаңында өткеніне қуаныштымыз. Баршамыз үшін нағыз ерліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны іспетті қызмет етіп келе жатқан осындай ғажайып тұлғаның қасында өмір сүріп жатқаны облыс тұрғындары үшін бақыт. Бүгін мен ардагердің туыстары мен жақындарына, ШҚО ПД қызметкерлеріне, сондай-ақ ақсақалдың жерлестеріне және батырымыздың өміріне қолдау білдірген баршаға алғыс білдіргім келеді, – деді Айдар Сайтбеков.

Мерейтой иесі үшін фотосуреттері бар ретро-лента ұйымдастырылып, 1960-шы жылдардың стиліндегі жұмыс кабинетінің бұрышы импровизацияланды. Онда өңір басшысы Ермек Беделбайұлы Құрмат Рахимұлын құттықтап, сол жағалау саябағында ардагерлермен бірге солдат ботқасы мен соғыс уақыты туралы әңгімелесіп, Жеңіс күнін қалай атап өткенін  еске алды.

Құрмат Рахимов 1942 жылы майданға аттанған. Невель қаласынан Кенигсбергке дейін, Беларусь, Литва және шығыс Пруссия аумақтары арқылы шайқастармен өткен, кейіпкер сол жерде көптен күткен Жеңісті қарсы алған.

1965 жылы Өскеменде полиция погонын тағып, облыстық ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. 1981 жылы ол құрметті еңбек демалысына шықса да, бүгінгі күнге дейін өз ісіне адал болып қала берді.

Ұлы Отан соғысы және ІІО ардагері II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған. Ал биыл ақсақал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру