ШҚО-да ұрланған көлік иесіне қайтарылды
Семей тұрғынының құны 7 миллион теңге тұратын көлігін заңсыз айдап әкеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 наурызда Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны құны 7 000 000 теңгеден асатын «HYUNDAI TUCSON» маркалы көлігін белгісіз біреудің заңсыз айдап әкету фактісі бойынша хабарласқан.
Семей қаласы ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары қала көшелерін зерделеу барысында іздеудегі автокөлікке ұқсас көлікті анықтап, тәртіп сақшылары күдік тудырған көлікті дереу тоқтатқан. Полиция бөліміне жеткізілген 39 жастағы ер адам жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады. Көлік құралы иесіне қайтарылды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.