ШҚО-да ыдыс-аяқ ұрысы ұсталды
Семей қаласының полицейлері ас үй құралдарымен айналысатын ұрыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары Семей қаласында орын алған былтырғы қылмысты ашты. Анықталғаны, 2019 жылдың аяғында қаскүнем саяжай алқабында орналасқан жәбірленушінің үйінен асүйде тұрған мультиварканы, металл қазанды, шәй сервизін және салаттық тәрелкелерді ұрлап кеткен.
Жалпы шығын 40 500 теңгені құрады. Жауап алу барысында 51 жасар күдікті азамат өз кінәсін мойындады. Айғақты заттар тәркіленді. Аталған ұрлық фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.