ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
ШҚО-да «Нерест» жедел профилактикалық іс-шарасының төрт күні ішінде 70-ке жуық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстанда 2021 жылғы 16 сәуірден 30 мамыр аралығында су биоресурстары мен су объектілерін қорғау және сақтаудағы бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Нерест» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
– Операцияның төрт күні ішінде ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз аулаудың 70-ке жуық бұзушылықтары анықталды. 64 адамға қатысты жалпы соммасы 1 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар салынды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау және аумақтық балық инспекциясының қызметкерлері МИ-8 тікұшағымен Өскемен қ.-Бұқтырма су қоймасының жағалау сызығы бойымен – Буконь өзенінің сағасы – «Торанга» шығанағы – Жолнұсқау ауылы – Аманат ауылы – Шеңгелді ауылы – Қара Ертіс өзенінің сағасы – Тұғыл ауылы – «Волчий мыс» – Шорға ауылы – Зайсан көлінің солтүстік – батыстағы тыйым салынған бөлігі бағыты бойынша әуеден шолу арқылы бақылау жүргізді. Сондай-ақ, қызметкерлер Ұлан, Күршім, Тарбағатай және Көкпекті аудандарының аңшылық алқаптарын тексерді.
Әуеден шолу арқылы бақылау барысында жағалау сызығынан айыратын нөмірі жоқ 18 дюралды қайықтары табылды. «Рахметолла» учаскесінде қызметкерлер екі резеңке қайық, ескек, қайық моторы мен қапшықтағы ауларды анықтады. Барлық заттай дәлелдемелер балық инспекциясына жолданды.
Барлық иесіз қайықтар мен балықшыларға бейнетүсірілім жүргізіліп, орналасу орындарының картасында белгі қойылды. Ақпарат Күршім, Тарбағатай, Көкпекті аудандық полиция қызметкерлеріне жолданды.
Балық аулаудың нормалары мен қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабы) ғана емес, және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 335-бабы) қарастырылғанын есте ұстаған жөн.