Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да зейнеткер 83 жастағы көршісінің ақшасын ұрлаған

Шығыс Қазақстан облысында 66 жастағы зейнеткер көршісінің ақшасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының соңында Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 83 жастағы зейнеткер ұрлық фактісі бойынша жүгінді, ол 15 ақпанда 66 жастағы көршісінің 88 000 теңге ақшасын ұрлағанын хабарлады.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері жәбірленушінің көршісін полиция бөліміне жеткізді. Күдікті ұрланған ақшаның бір бөлігін қайтарып, кінәсін мойындады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру