Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да зейнеткер немересінің есірткісін полицияға тапсырды

Семейде немересі есірткі сақтағанын көрген апасы, есірткіні полицияға тапсырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Семей қ. Полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне 65 жастағы зейнеткер жүгінді. 18 жастағы немересінің денсаулығына алаңдаған ол, немересі пәтерінде есірткі заттарын сақтағанын айтып, өз еркімен оларды әкеліп берген.

Сараптама қорытындысына сәйкес ерікті түрде берілген зат жалпы салмағы – 1,92 грамм “кептірілген марихуана” есірткі құралы болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру