Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да Жаңа Бұқтырма кентінің полицейлері ер адамды суицидтен құтқарды

ШҚО-да Жаңа Бұқтырма кентінің полицейлері ер адамды суицидтен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Нұр-сұлтан қаласының 66 жастағы тұрғыны ұлының жоғалғаны туралы хабарлап, Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінің полиция бөлімшесінің 102 жедел арнасына жүгінді. Тексеру барысында өтініш беруші отбасымен бірге Бұқтырма су қоймасында орналасқан “Сказка” демалыс базасына келгені анықталды. Демалыс кезінде анасы мен 45 жастағы ұлы арасында ұрыс-керіс болып, содан кейін ер адам жеке автокөлігімен белгісіз бағытқа кетіпқалғаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ұлы анасынаWhatsappмессенджеріне өзін-өзі өлтіру ниеті туралы хабарлама жіберген екен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жаңа Бұқтырма кентінің полиция қызметкерлері 40 минут ішінде көгілдір Шығанақтың маңында таудан асу арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған мас күйіндегі ер адамды тауып алды.

Көп ұзамай ер адам Жаңа Бұқтырма кентінің полиция бөлімшесіне жеткізілді, онда онымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, артынша аман-сау жақындарына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру