Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жасөспірімдермен жасалған 38 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да жасөспірімдермен жасалған 38 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері тұрақты негізде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді, олар кәмелетке толмағандар, оның ішінде топпен жасалатын қылмыстарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру орындарында жүру фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Осындай іс-шаралар барысында полиция есебінде тұрған балалар, мектеп оқушылары және оқу орындарының студенттері арасында алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Өткен аптада тұрғылықты жері бойынша ювеналды полиция қызметкерлері 67 кәмелетке толмағанды, 93 заңды өкілін тексерді. Оларға жеке профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

Рейдтер барысында 38 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық үшін 5 жасөспірім, кәмелетке толмағандар алкогольді тұтыну фактісі бойынша екі ата-ана жауапкершілікке тартылды, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болғаны үшін 30 құқық бұзушылық анықталды.

– Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде жүру фактісіне облыстың барлық ойын-сауық мекемелері, компьютерлік клубтары тексерілді. Мәселен, Семейде ювеналды полиция қызметкерлері сағат 22.00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол беру фактісін анықтады. ҚР ӘҚ туралы кодексінің 132-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін мекеменің 19 жастағы әкімшісі және ҚР ӘҚ туралы кодексінің 442-бабының 1-бөлігі бойынша екі заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Үй аулаларын аралау кезінде ювеналды полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болған 16-17 жастағы екі кәмелетке толмағанды ұстады, кейіннен заңды өкілдеріне беру үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру