Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

ШҚО-да жол апатынан бес адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, өткен тәулікте өңірде үш жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты.

Алғашқы екі қайғылы оқиға Семей қаласының маңында қала сыртындағы тас жолында орын алды.

Ағымдағы жылдың 28 қазанында сағат 18:15-те қала маңындағы автожолда «Volkswagen» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі 2012 жылы туған, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші баланы қағып кетті, ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Бала үлкендердің алып жүруінсіз болған.

Сол күні, кешкі уақытта «Семей-Талица» бағытындағы автожолда 66 жастағы «ПАЗ» маркалы автобустың жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде тұрған 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Зардап шеккен адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Үшінші ЖКО Павлодар облысына 1 км жетпей «Омбы-Майқапшағай» автожолында орын алды, онда «Хонда» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимінің асып кетуінен рөлге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берді, соның салдарынан өзіде және көлікте болған екі жолаушы да оқиға орнында қайтыс болды.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев мәлімдегендей:

– Әрбір факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3 және 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Жоғарыда аталған ЖКО-ның бірінде жас бала қайтыс болған, оның өліміне кінәлі жас жігіт ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен УҰИ-на қамауға алынды. Зардап шеккендердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазір қылмыстық істер аясында объективті тергеу қамтамасыз етілуде, тергеу әрекеттері жалғасуда, сот сараптамалары тағайындалды.

Сондай-ақ, өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін айта кету қажет. Жыл басынан бері полицейлер:
– жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауына байланысты 200 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесті;
– Көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқарған, кейіннен көлік жүргізу құқығынан айырылған 1 372 жүргізуші ұсталды;
– ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша көлік құралдарын мас күйінде басқарған, бұрын сотпен осындай құқық бұзушылықтар үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған 110 адам анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды;
– уәкілетті органдарға орын алған кемшіліктерді жою үшін 4 мыңнан астам ұйғарым жолданды және жол инфрақұрылымымен және жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастырумен байланысты бұзушылықтар, жалпы алғанда, әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке 222 лауазымды тұлға тартылған;
– ЖКО-ның алдын алу мақсатында республикалық және жергілікті қозғалыс тас жолдарында қараусыз жайылып жүрген 16 мыңнан астам қаңғыбас жануарлар айдалып, «мал тұрағына» орналастырылды, бұл ретте олардың 6 мың иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Полиция департаментінің бастамасы бойынша қалалар мен өзге де елді мекендерде жол төсемдерін қайта жаңарту жүргізілуде, бүгінгі күні 145 мың шаршы метр жол таңбалары, 1 мың қума метр шу жолақтары салынды, қосымша 74 жарықдиодты белгі және 7 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды.

Тәртіп сақшылары полицияның сервистік моделін іске асыру және халықпен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету шеңберінде, бүгінде азаматтар Департаменттің ресми парақшалары мен сайттарына қауіпсіздік саласындағы барлық проблемалық мәселелер туралы тікелей хабарлауға мүмкіндігі бар екенін еске салады. Белгіленген құзыреті шегінде ІІО-ры оларды жедел шешуге дайын.

Сонымен бірге полиция қызметкерлері көлік құралдарын басқарушыларға жолдарда мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру