Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды

ШҚО-да жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде сағат 21.00 шамасында Алтай ауданы полиция бөлімінің Серебрянск қалалық ПБ кезекші бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінің бірінде BMW автокөлігінің жүргізушісі масаң күйде көлік басқаруы мүмкін деген хабарлама келіп түсті.

Патрульдік полиция инспекторлары автокөліктің жүрген жерін анықтап, тексеру барысында көлік құралын Алтай ауданының 42 жастағы тұрғыны басқарғанын анықтаған. Сондай-ақ жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқаған және де арнайы есептер бойынша құжаттарды тексеру барысында 2 шілдеде жүргізуші Глубокое аудандық сотының 2028 жылға дейінгі мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны мәлім болды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқықбұзушыда алкогольдік масаңдықтың “жеңіл” дәрежесі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру