Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам масаң күйде көлік тізгіндеген

ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам масаң күйде көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралын масаң күйде басқару фактісін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері анықтады. Өскемен көшелерінің бірін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің мас күйде екендігі және бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Бірақ соған қарамастан, ол қайтадан көлік тізгіндеген.
Қазіргі уақытта құқық бұзушының көлігі мамандандырылған тұраққа қойылды, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру