Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жыл басынан бері жарылғыш құрылғылар туралы 4 хабарлама тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жарылғыш құрылғылар туралы төрт хабарлама тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында салынған жарылғыш құрылғы туралы хабарламаның фактісі тіркелді, олар тексеру барысында өзінің растауын таппай, жалған болып шықты.

Тек осы жылдың қараша айында полиция қызметкерлері басқа арнайы қызметтермен бірлесіп осындай екі жалған шақыртуды тексерді.

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Өскемен қ.ПБ 102 жедел арнасына қаланың 50 жастағы тұрғыны хабарласып, болуы ықтимал террорлық әрекет туралы хабарлады. Бұл сигналды қызметкерлер дереу тексерді, бірақ оқиға орнына келген кезде ештеңе табылған жоқ. Хабарласқан адамның итімен серуендеп жүргенде, жай ғана әзіл айтуды шешіп, полицияға телефон соққаны белгілі болды. Бірнеше күннен кейін тағы бір 46 жастағы қала тұрғыны Лихарев көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінде жарылғыш зат салынғанын хабарлады. Тексеру кезінде бұл ақпарат расталмады. Тергеу барысында анықталғандай, бұл екі адам қоңырау шалған сәтте мас күйлерінде болған екен.

Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  438-бабына сәйкес (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, олар бойынша әрбір құқық бұзушыға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Бұдан басқа, осы баптың санкциясымен бұзушылықты қайта жасаған кезде 60 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген, ал кәмелетке толмаған адам осы бұзушылықты жасаған жағдайда, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жауаптылыққа оның ата-анасына тағайындалады.

ШҚО Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді, оның санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру