Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-ның 18 тұрғыны ЖҚЕ бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды

ШҚО-ның 18 тұрғыны ЖҚЕ бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға қарамастан, көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол беруді жалғастыруда. Олардың негізгілері, әрине, жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін бұзу, таңбалауды сақтау, қарсы жолаққа шығу болып қала береді. Талдау көрсеткендей, шілде айының соңғы 10 күнінде облыстың 18 жүргізушісі жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығуы бойынша ережені бұзған.

Мысалы, 10 шілде күні таңертең сағат 05.00 шамасында Mazda автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Қазақстан көшесі бойымен Мызы көшесіне қарай қарама-қарсы бағытта жүрген. 13 шілдеде Назарбаев даңғылында Kia көлігінің 33 жастағы жүргізушісі, 15 шілдеде ВАЗ автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі Назарбаев – Стахановская көшелерінің қиылысында қарсы бағытта жүрген.

Аталған бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұл алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Аталған фактілердің барлығы жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібінің өте төмен екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру