Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО оқушылары есірткі жарнамалайтын граффити суреттерді жойды

ШҚО оқушылары есірткі жарнамалайтын граффити суреттерді жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының №13 орта мектебінің оқушылары өздерінің жасына қарамастан белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Балалар қалталарындағы ақшасына бояу сатып алып, өз аудандарындағы қоршауларда салынған есірткі жарнамасы бар граффити суреттерді бояды.

Балалардың мұндай лайықты әрекетін назардан тыс қалдырмай, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері оқушыларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары оқушылармен профилактикалық әңгімелер өткізді. Тәртіп сақшылары балаларға тыйым салынған заттарды қолданудың зиянды салдарын түсіндіріп, есірткі жарнамалайтын сайттардың қауіптілігін ескертті.

ШҚО ПД облыс тұрғындары мен қонақтарынан есірткі жарнамасы бар граффити суреттерді немесе оны салумен айналысатын адамдарды көрсе 102 жедел арнасына хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру