Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастағы қызмет барысында қаза тапқан полицейдің отбасына барды

ШҚО ПД бастағы қызмет барысында қаза тапқан полицейдің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шығыс қазақстан облысы ПД бастығы Сағат Мадиев қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан Ерлан Карменовтің жұбайы Бағдат Қазретқызында қонақта болды.

Полиция мамандығы әрдайым қауіпті екенін бәріне белгілі. Егер де қайғылы жағдай орын алып жатса, полиция қызметкерлері әрқашан әріптестерінің отбасыларына көмектесуге және қолдауға дайын. Бұл дәстүрді ШҚО ПД да өзгеріссіз ұстануда.

– Біз өз қызметкерлерімізді мақтан етеміз, өйткені құқық қорғау органында  олар өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен және құрметпен орындады, әріптестерінің, туыстарының, сондай-ақ қазіргі буын полицейлерінің жадында мәңгі қалды, – деп атап өтті Сағат Мадиев.

Сондай-ақ бұл күні облыстың бас полицейі қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен патрульдік полиция батальонының қызметкері Дамир Серіковтың отбасына барды.

Кездесу соңында ПД бастығы қызметкерлердің отбасына гүл шоқтарын табыстап, алғысын білдірді. Қонақтарды шығарып сала отырып, қызметкерлердің туыстары Сағат Мадиевке алғыстарын айтып, елеп-ескеріп, құрметтеп жатқандары үшін ризашылықтарын білдірді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру