Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы халықаралық ареналарда өз шеберліктерін көрсеткен қос полицейді құттықтады

ШҚО ПД бастығы халықаралық ареналарда өз шеберліктерін көрсеткен қос полицейді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков халықаралық және қазақстандық ареналарда өз шеберліктерін көрсеткен қос полицей спортшыны құттықтады.

Полиция капитаны Ринат Махмұтов қоян-қолтық ұрыстан әлем біріншілігінің жеңімпазы атанса, Бауыржан Райымбеков Президенттік көпсайыстың әртүрлі күш түрлері бойынша 6 медальді жеңіп алды.

– Сізге жеке өз атымнан және облыстық полиция департаментінің жеке құрамы атынан алғысымды білдіремін. Жарқын жеңіс үшін, алтын медаль мен Қазақстан Республикасына тамаша, үлгілі қызметі үшін рақмет! Сізге зор денсаулық, алдағы уақытта да табыс, жаңа спорттық және кәсіби жетістіктер тілеймін, – деді Ерлан Омарбеков. 

Өңірдің бас полицейі Ринат Махмұтов пен Бауыржан Райымбеков қазақ спортының дамуына зор үлес қосып, болашақ ұрпаққа үлгі өнеге болатынына сенімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру