ШҚО ПД бастығы жеке құраммен кездесу өткізді
Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығы Семей қалалық ПБ жеке құрамымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев ағымдағы жылдың 18 қарашасында Семей қаласына жұмыс сапары барысында Семей қаласының ПБ және полиция бөлімдерінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында департамент бастығы жеке құрамға полицияның сервистік моделінің негізгі бағыттары туралы жеткізді.
Қазіргі уақытта осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Семей қаласы бойынша Қарағайлы жаңа шағын ауданында учаскелік полиция пункті, сондай-ақ екі модульдік бекет пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың қараша айының басында учаскелік полиция инспекторларына Нива маркалы 20 қызметтік автокөліктің кілті табысталды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар, департамент бастығы сервистік полицияның жұмысын бағалау – құқық бұзушылықтарды анықтау емес, жолын кесу, көмек беруге дайын болу және қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу үшін халықпен сенімді қарым-қатынас орнату екенін атап өтті. Осы мақсатты іске асыру үшін жеке құрам зерделеген және қызметтік қызметте пайдаланылатын жадынама әзірленді.