Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қазанында ШҚО Полиция департаментінің плацында саптық бөліністердің кезекті гарнизондық жиыны өтті.

ШҚО Полиция департаментінің басшылығы құқықтық тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім-кешек, куәліктер, төсбелгілер мен жеке нөмірлі жетондарын тексерді.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлері облыстың жедел жағдайының жай-күйі туралы айтылды, бағдарлармен танысты.

Департамент бастығы С.Мадиев әрбір бөлімшеге құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша міндеттер қойды, құқық бұзушылықтар жиі болатын криминогендік учаскелерге назар аударуды атап өтті. Сонымен қатар, ол азаматтармен барынша өзара әрекеттесуге бағытталған «полицияның сервистік моделі» туралы тағы да еске салды.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері салтанатты маршпен өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға және Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру