ШҚО ПД-да консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті
ШҚО ПД-да консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 17 қыркүйегінде ШҚО полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Кездесуге ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Манапов және ШҚО ПД ККО төрағасы Қуат Рахымбердин қатысты.
Айта кетейік, консультативтік-кеңесші орган құқық қорғау органдары қызметінің ашықтық пен жариялылығы қағидасы бойынша жұртшылықтың полициямен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Күн тәртібінде кеңес мүшелері ШҚО полиция департаментінің мамандандырылған мекемелерінде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету туралы мәселелер талқыланды, сондай-ақ “құқық бұзушылықтың алдын алу туралы” жаңа заң жобасы бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар ШҚО тәртіп сақшылары вейптердің таралуына және заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды.
– Біздің облыста 220-дан астам вейп және 460-тан астам бір реттік электронды темекі тәркіленді. Полиция қызметкерлері тұрғындарды темекі шегуге болмайтын темекі өнімдерін сату, тарату, әкелу және өндіру, электронды тұтыну жүйелері, оларға арналған хош иістер мен сұйықтықтарды өндіру жауапкершілігі туралы үнемі хабардар етіп отырады, – деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы НұриевТалғат.
Сонымен қатар полиция қызметкері бұл заңды жүзеге асыру сауда орындарын тұрақты түрде тексеріп, интернет кеңістігін заңсыз саудаға бақылау арқылы жүзеге асырылатынын айтты.
Барлық күн тәртібіндегі қаралып жатқан мәселелер облыстың полиция басшылығының жеке бақылауына алынды.
Отырыс соңында ШҚО ПД бастығының орынбасары Манапов Серік Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен ШҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Қуат Рахимбердиннің құқық қорғау органдарының жұмысына қосқан үлесі және адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін алғыс хат табыс етті.