Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да полицейлер арасында үздік атқыштар анықталды

ШҚО ПД-да полицейлер арасында үздік атқыштар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атқыштар Қызылордадағы республикалық жарысқа қатысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы полиция қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша турнир өткізді. Іс-шараға ПД аппараты мен Өскемен қаласы полиция басқармасының 20-дан астам қызметкерлері қатысты.

25 метр қашықтықтағы стандартты жаттығуларды ерлер де, әйелдер де орындады, ал Калашников автоматынан тек ер адамдар ғана 100 метр қашықтықта атты. Ұйымдастырушылар спорттық іс-шара жеке құрамның жауынгерлік және кәсіптік даярлығын, атыс дағдыларын арттыру мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті. Турнир қорытындысы бойынша үздік атқыштар Қызылордадағы республикалық жарыстарға қатысатынын атап өткен жөн.

Калашников автоматынан ату жаттығуынан ерлер арасында бірінші орынды Дидар Базарбаев иеленді. Макаров тапаншасын атудан әйелдер арасында ШҚО ПД АБ-ның аға анықтаушысы Татьяна Титаренко үздік атанды. Ерлер арасында Макаров тапаншасынан ату бойынша алтынды Асылхан Идырисов пен Шалқар Белдеубаев жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру