Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да үздік 18 анықтаушы марапатталды

ШҚО ПД-да үздік 18 анықтаушы марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйекте анықтау қызметі Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінде құрылғанына 33 жыл толуын атап өтуде! Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. ПД бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік анықтаушыларға Ішкі істер министрі мен өңірлік ПД басшылығының атынан марапаттар табыс етті.

 – Бүгінгі таңда анықтау – келешегі зор, қарқынды дамып келе жатқан қызмет, оның қызметкерлері жылдан жылға қылмыстарды тергеуде жоғары нәтиже көрсетіп, жүктелген міндеттерді сәтті орындап келеді, – деп атап өтті Қ. Тақжанов.

Полицейлердің ата-аналарына алғыс хаттар табыстау әсерлі сәттің бірі болды. 

– Жеке уақытына және таңдаған мамандығына тән қиындықтарға қарамастан, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып, өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жүрген ұл-қыздарына лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін, – деді Қазбек Тақжанов. 

Бұл күні жедел-қызметтік жұмыста елеулі нәтижелерге қол жеткізген облыстың үздік 18 анықтаушысы марапатталды.

Облыстағы тергеулердің көп бөлігін дәл анықтау қызметкерлері жүргізетінін айта кеткен жөн. Олардың жұмысының әр бағыты үлкен көлемдегі нақты білімді, еңбекқорлықты, назар аударуды және жоғары жауапкершілікті қажет етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру