Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да “Үздік тәлімгер” байқауының жеңімпазы анықталды

ШҚО ПД-да “Үздік тәлімгер” байқауының жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше кезеңдерден өткен байқауда 13 қатысушы бақ сынасты. Олар комиссия мүшелеріне полицияға енді жұмысқа тұрған жас қызметкерлердің тәлімгер ретінде атқарған жұмыстары туралы айтты.

Бүгінде Шығыс Қазақстан полициясы қатарында тәжірибелі қызметкерлермен қатар 160-тан астам жас маман қызмет етуде. Олардың әрқайсысы құқық қорғау жүйесінде ерекше рөл атқаратын тағайындалған тәлімгердің жіті назарында қызмет атқарады: олар өздерінің жұмыс тәжірибесін ескере отырып, жас мамандардың қалыптасуына және бейімделуіне көмектеседі. 

“Үздік тәлімгер” байқауы аясында полиция департаментінің басшылығы ІІО және ШҚО ҰҰ ардагерлер кеңесінің, Тәлімгерлер кеңесінің төрағаларымен бірлесіп, облыстың тәжірибелі қызметкерлері арасында үздік тәлімгерді анықтауы керек еді.

Байқау үш кезең бойынша өтті: ІІО нормативтік құқықтық актілерінің білімін тексеру, атыс және дене шынықтыру дайындығының деңгейін тексеру, “Жас қызметкерлермен жұмыс” тақырыбында баяндама қорғау.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО ПД Өскемен қаласы жергілікті полиция қызмет бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Гүлнұр Түсіпова үздік тәлімгер атанды. Байқау жеңімпазына “Үздік тәлімгер” марапат белгісі табысталды.

Бұл марапат белгісі жылдан жылға тәлімгерліктің символы ретінде келесі жеңімпазға берілетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру