Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да жаңартылған мұражай ашылды

 ШҚО ПД-да жаңартылған мұражай ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұражайдың басты ерекшелігі - ол енді тек көрме кеңістігі ретінде ғана емес, сонымен қатар полиция қызметкерлері , мектеп оқушылары мен студенттерге арналған оқу-насихат сыныбы ретінде де жұмыс істейді.

Бүгін ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков және ардагерлер мен қонақтар департаменттің қалпына келтірілген мұражайының есігін салтанатты түрде ашты. Мұражайда 500-ге жуық жәдігер, оның ішінде 121 түпнұсқа артефакт - жеке адамдар мен олардың қызметтері туралы тарихын баяндайды, бұл ішкі істер органдары туралы тарихи білімді насихаттау, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерінде және  облысымыздың қызметкерлеріне адамгершілік тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков "Кез келген мұражайдың қызметі экспонатқа негізделген", - деп атап өтіп, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі МП-40 Шмейссер автоматының макетімен мұражайдың қару-жарақ топтамасын толықтырды.

Ұлы Отан соғысының, ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Құрмат Рахимов та өзінің жеке фотоаппаратын сыйға тарту арқылы өз үлесін қосты.

- Ел тарихына қатысты фотосуреттер мен ардагерлеріміздің естеліктері мұражайды рухани жағынан толтырып, арнасын кеңейтеді, - деп айтты ШҚО ПД бастығы.

Сонымен қатар "ӨТМК" АҚ-ның қолдауы Шығыс Қазақстан облысы полициясы тарихының абыройы мен естеліктерін мақтанышпен сақтай отырып, болашақта ұзақ уақытқа созылатын мұражай жұмысы үшін жаңа алаң құруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру