Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-мен мал ұрлығының алдын алу бойынша шаралар қабылдануда

ШҚО ПД-мен мал ұрлығының алдын алу бойынша шаралар қабылдануда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ШҚО аумағында мал ұрлығына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың 7,2% – ға төмендегені байқалады.Мал ұрлығының негізгі себептерінің бірі ұжымдық мал жаюдың жеткіліксіз ұйымдастырылуы болып табылады. Бұл оның жоғалуына және ұрлануына әкеледі.

Мәселен, жыл басынан бері мал ұрлығының жалпы санынан тек «еркін бағудан», яғни  малды жайылымға иесіз жіберу салдарынан  58 ұрлық жасалды.

Құқық бұзушылықтың осы түрінің алдын алу үшін 2020 жылдың 9 қазанында облыстық мәслихаттың шешімімен «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелері» бекітілді. Бұл ережелерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сонымен қатар, әр ауданда шаруа қожалықтарының базасында иесіз жайылып жүрген малдарды уақытша ұстау үшін «малға арналған қоралар» құрылды.

– Бүгінгі таңда ШҚО бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен 277 «мал қорасы» бар. Ағымдағы жылдың басынан бастап қораларға 9 мыңға жуық иесіз қаңғыбас мал орналастырылды.Осындай материалдар бойынша 3 мыңнан астам мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дедіШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Бұдан басқа, республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда патрульдік полиция экипаждары тұрақты негізде көлік құралдарын мал тасымалдаудың заңдылығына тексеруді жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ет өнімдері мен малды тасымалдау бойынша 171 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты материалдар ведомстволық бағыныстылығына сәйкес ШҚО бойынша ветеринария басқармасына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру