Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД музейінде Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ерлік сабағы өтті

ШҚО ПД музейінде Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ерлік сабағы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Кадр саясаты басқармасымен ШҚО Полиция департаментінің музейінде жас полиция қызметкерлеріне 10 жыл бұрын Тараз қаласында қаза тапқан Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ерлік сабағын өткізді.

Полиция капитаны Ғазиз Байтасов – еліміздегі ең жоғары дәрежелі «Халық Қаһарманы» атағына ие болған Қазақстандағы алғашқы полицей.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында террорлық шабуыл жасалған болатын. Қазақстан қалаларының бірінде жаппай тәртіпсіздік орын алғаннан бастап 10 жыл өтті. Соның нәтижесінде жеті адам, оның ішінде бес құқық қорғау органдарының қызметкері қаза тапты. Бір сағат ішінде қару-жарақ асынған радикал Мақсат Кәрімов қалада жүріп, жолыққан әрбір полицейге қару кезеп, атып өлтірді, кейін айналасында «тірі қалқан» құрап, адамдар арасында жасырынған.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде қылмыскер тоқтап, айналасындағылардың бәріне оқ жаудырған. Осы уақытта оқиға орнына Жамбыл облысы ІІД Жол полициясы жеке батальонының 1-ші взводының командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасов басқарған жол полициясының автокөлігі жеткен. Көліктен жүгіріп шыққан ол, оқ жаудырып жүрген қаскөйге қарсы оқ ата бастаған, осы уақытта қарсылас кейін шегініп, жанындағы көліктің артына жасырынған, содан соң қылмыскер кенеттен Ғазиз Байтасовтың кеудесіне оқ атқан.

Қауіптің жақындағанын түсінген полицей, радикалда граната барын біліп, ауыр жарақатына қарамастан, террористті жерге құлатып, қылмыскерді қолымен қысып ұстап, жарылған жанкештіні денесімен қалқалаған. Бір секундтан кейін жарылыс болды…

Батыр, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің әрбір қызметкерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Себебі,  ол еліміздің халқына шексіз қызмет еткен,  патриотизмнің шынайы үлгісі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру