Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД музейінде Тәуелсіздік күніне орай ашық есік күні өтті

ШҚО ПД музейінде Тәуелсіздік күніне орай ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл — еліміз үшін айрықша маңызы бар, жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтетін басты мемлекеттік мерекелердің бірі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 1991 жылы бекітіліп, егемен ел ретінде жаңа тарихтың басталуын білдіреді. Бұл мереке ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, еркіндік, жауапкершілік пен Отанға қызмет етудің маңызын айқындайды.

Музей қонақтары қатарында Өскемен қаласындағы №23 мектептің 4-сынып оқушылары, сондай-ақ №30 мектептің "Жас сақшы" бейіндік сыныбында білім алатын 9-сынып кадеттері болды. Оқушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылып, олар өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен танысты, бірегей экспонаттар мен архивтік құжаттарды көріп, полиция қызметінің әр кезеңдегі даму жолы туралы мағлұмат алды.

Мектеп оқушыларының ерекше қызығушылығын қару-жарақ пен арнайы техникалар қойылған экспозиция тудырды. Әсіресе Дегтярёв қол пулеметі, тапанша және Ура қызметтік мотоцикл көпшіліктің назарын аударып, оқушыларға полиция қызметінің тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық өнері де көпшілікке ұсынылды. №23 мектептің 4-сынып оқушылары Отан мен Тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқыса, "Жас сақшы" сыныбының кадеттері патриоттық ән орындап, салтанатты әрі әсерлі атмосфера қалыптастырды.

Ашық есік күні оқушыларға ерекше әсер қалдырып, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін тереңірек түсінуге, сондай-ақ қоғамға қызмет етудің маңызын ұғынуға зор ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру