ШҚО полицейі әмбебап жекпе-жектен алтын жеңіп алды
ШҚО полицейі әмбебап жекпе-жектен алтын жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Спорт – полиция қызметкерінің өмірінде маңызды рөл атқарады, өйткені дене шынықтыру полицейлерге өз жұмысындағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Спорттық іс-шараларға қатысу денсаулықты сақтауға ықпал етеді, төзімділік пен физикалық белсенділік деңгейін арттырады. Ол сондай-ақ тәртіпті, командалық рухты және ұжымның бірлігін қалыптастыруға ықпал жасайды.
Осы жылдың 22 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Астана қаласында 13 облыстан келіп, 10 түрлі салмақ дәрежесінде 150 спортшы бақтарын сынаған әмбебап жекпе-жектен ҚР чемпионаты өткен болатын.
Чемпионатта ШҚО ПД ЖҚАЖ қызметкері Махмұтов Ринат 62 келі салмақ дәрежесінде Шығыс Қазақстанның спорттық намысын қорғап, бірінші орынды иеленді.
Спортпен бала кезінен айналысқан, талай рет жеңіс туын желбіреткен тәртіп сақшысының қоржынында бір емес, бірнеше жеңісі бар.
Айта кетейік, полиция капитаны Махмұтов Ринат қоян-қолтық және әмбебап жекпе-жектен, ММА, Жекпе-жек, Nomad ММА, Кудо және жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ол сондай-ақ жауынгерлік самбодан Азия қола кубогының жүлдегері (2022 ж. Ақтау қ.), қоян – қолтық жекпе-жектен қола Әлем кубогының жүлдегері (2022 ж., Мәскеу қ.) және бұған қоса қоян-қолтық жекпе-жектен ІІМ чемпионы.
Крап беретінің иесі спорт жәй ғана хобби емес, нағыз өмір салты деп санайды, бұл оған Ішкі істер органдарында қызмет етуге көмегін тигізеді.