Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейі "Аяулы ана" байқауының жүлдегері атанды

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай елордада "Жаңа Қазақстан" республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен "Аяулы ана" жоғарғы деңгейдегі республикалық байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқаудың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласында көтерілген құндылықтарды ардақты аналар, іскер әйелдер мен елге сыйлы қазақ ханымдары арасында кеңінен насихаттау.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген аналар қатысты. Олар өздерінің кәсіби жетістіктері мен бала тәрбиесіндегі ерекше тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі өмір жолдарын көрсетті. Бұл шара жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, аналардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылғаны да айрықша маңызға ие.

Аталған байқауда Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Өскемен қалалық ПБ ақпараттық саясат тобының инспекторы төрт баланың анасы Динара Тұрғанбаева жүлдегер атанды. Ол аналық мейірімі мен еңбегін, қызметтегі адалдығы мен қабілетін дәлелдеп, жоғары марапатқа ие болды.

Динара Тұрғанбаева бала тәрбиесіне қосқан зор үлесі ерекше бағаланып, ол "Аяулы ана" байқауының жеңімпазы атанып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар оның ата-ана ретіндегі еңбегі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі ескеріліп, арнайы орденмен марапатталды.

Бұл марапат Динара үшін үлкен құрмет қана емес, сонымен қатар оның қоғамдағы аналар рөлін одан әрі нығайтып, балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге қосымша шабыт берері сөзсіз.

Осылайша, "Аяулы ана" байқауы еліміздің дамуына үлес қосып жүрген аналарымыз бен әйелдеріміздің еңбегін бағалап, жастар үшін өнегелі тұлғаларды насихаттайтын маңызды алаңға айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру