Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

ШҚО полицейлері 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полицейлер 851 қылмысты ашты. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 31 адам ұсталды. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген 12 адамның орналасқан жерін анықтады, оның ішінде 9 адам «өткен» жылдардың қатарынан. Барлығы 11 мың астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

– Тексеру барысында көлік басқарған 34 жастағы Көкпекті ауданының тұрғыны бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасап, басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адамға 214 410 теңге айыппұл салынды, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру