ШҚО полицейлері алимент төлемеген тұрғынды анықтады
ШҚО полицейлері алимент төлемеген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне 2022 жылғы шілдеде жеке сот орындаушысының алимент төлемеушіні іздестіруге жариялау туралы қаулысы келіп түскен, ол 2018 жылдың қыркүйегінен бастап кәмелетке толмаған ұлын асырауға алимент төлемеген, қарыз сомасы 400 мың теңгеден асқан.
Іздеу іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қаласында жасырынған 40 жастағы төлемеушінің орналасқан жерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алды.
Жыл басынан бері ШҚО полиция департаментімен 70-тен астам алимент төлемеушілер анықталған.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) және қылмыстық жауаптылық бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделгенін ескертеді.