ШҚО полицейлері астыртын алкоголь өндіретін цехтың жолын кесті
ШҚО полицейлері астыртын алкоголь өндіретін цехтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйекте жедел іс-шаралар өткізу барысында полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен алкоголь өнімдерін өндіру және құю цехын анықтады, оны облыс орталығының 56 жастағы тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.Гаражды тексеру кезінде тәртіп сақшылары бес литрлік және бір литрлік ыдыстарға құйылған шамамен екі тонна алкоголь бар өнімдері табылды. Сонымен қатар, өндіріске қажетті құюға арналғанзаттар, сондай-ақ бос контейнерлер мен олардың қақпақтары тәркіленді.
Тексеру барысында күдіктінің спиртті сақтауға және өткізуге қандай да бір рұқсат құжаттары жоқ екендігі анықталды.
ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:
– Аталған факт белгіленген тәртіпте тіркеліп, жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды.
ШҚО Полиция департаменті сертификатталмаған алкогольдің денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.