Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері автожолдардағы бақылауды күшейтуде

ШҚО полицейлері автожолдардағы бақылауды күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің шығысында өткен аптада жүргізушілердің кінәсінен адамдардың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғалары орын алуына байланысты полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 31 қазанынан бастап «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын жүргізе бастады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды 762-ге жуық қызметкер жүзеге асырады, бұл ретте республикалық және халықаралық маңызы бар тас жолдарға, сондай-ақ аудандар мен қала маңындағы жолдарға ерекше назар аударылады.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– ЖКО-ның соңғы фактілері жекелеген жүргізушілердің жылдамдық режимін, жол қозғалысы ережелерін сақтамайтынын, сондай-ақ мас күйінде көлік құралдарын басқаруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Көбінесе бұл жүргізушілердің салғыттығы нәтижесінде орын алады.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу басталғаннан бері төрт мыңнан астам әкімшілік бұзушылық анықталды, оның ішінде:

– жаяу жүргіншілердің ( ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі) 800-ден астам әкімшілік бұзушылық;

– Қауіпсіздік белдігін тақпау (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі) көлік жүргізгені үшін 459 бұзушылық;

– 430 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы); пайдаланғаны үшін;

– Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы) 313 адам  жауапкершілікке тартылды;

– автокөлікті мас күйінде басқарған (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 49 жүргізуші ұсталды;

– 17 адам қарсы қозғалыс жолағына шыққаны (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі) үшін жазаланды.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК – нің 612-бабы бойынша 20 адам (көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ немесе сот оны алып тастаған) анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органдарға жол инфрақұрылымымен және жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастырумен байланысты орын алған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін 40-тан астам ұйғарым шығырылды, олар бойынша Тарбағатай ауданындағы автожолды қайта жаңарту кезінде қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды орындамаған мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 25 ескерту жол белгілерін орнату бойынша шаралар қабылданды, жүріс бөлігі жабынының 180 қауіпті дефекттері жойылды.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң және мүлтіксіз сақтауды тағы да еске салады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру