Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер банкте 3 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты тапты

ШҚО-да полицейлер банкте 3 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген азаматтарды анықтау жұмыстары жалғасуда.

ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшесіне Абай облысының жеке сот орындаушысынан банкте 3 миллион теңгеден астам қарызы бар 25 жастағы азаматты іздеу жөнінде қаулы келіп түскен. Ақпарат алынғаннан кейін полицейлер жедел шаралар қабылдап, тәулік ішінде борышкердің тұрған жерін анықтаған. Ер адам Өскемен қаласынан табылып, оған сот орындаушысымен кездесу ұйымдастырылды. Қарызды өндіру заңда белгіленген тәртіппен жалғасатын болады.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу бойынша іздеуде жүрген қырыққа жуық азаматты анықтады.

Құқық қорғау органдары еске салады: сот шешімін орындамау әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру