ШҚО полицейлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады
ШҚО полицейлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпанның басында Өскемен қаласы Полиция басқармасының Ертіс ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны ұрлық фактісі туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлеріне хабарласқан әйел, подъезде белгісіз адам оның 34 жастағы ұлының күртешесін қалтасынан ұялы телефонды ұрлағанын айтқан. Шығын сомасы 29 мың теңгені құрады.
Сол күні 50 жастағы жергілікті тұрғыннан да осыған ұқсас арыз түсті. Ол бейтаныс ер адам жатақханадағы бөлмесінде рюкзакта жатқан ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты. Бұл жағдайда шығын сомасы 35 мың теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, күдіктінің жеке басын анықтады.
Істі тергеу барысында оның келіп түскен екі арыз бойынша қылмысқа қатыстылығы анықталды. Ол 31 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады, одан заттай дәлелдемелер ішінара алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.