Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады.

200 мың теңге алу кезіндегі жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде шығысқазақстандық жедел уәкілдер бұрын сотталған 37 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Күдікті өз әрекетін мойындаған, оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Күдікті қамауға алынды.

ШҚО полиция департаменті аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Кез-келген жағдайда бопсалаудың құрбаны болған адамдар құқықтық қорғау органдарына өтінішпен жүгінуі керек, ең бірінші қадам үшін «102» жедел арнасына қоңырау шалу жеткілікті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру