ШҚО полицейлері борышкердің орналасқан жерін анықтады
ШҚО полицейлері 6 млн теңге қарызы бар борышкердің орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам қарыз алушы мен сот орындаушыларынан бір жылға жуық жасырынған. Өскемен қалалық ПБ көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының борышкерді іздестіруге жариялау туралы қаулысы келіп түскен, ол өткен жылдың тамыз айынан бастап қала тұрғынына 6 миллион теңге қарызын төлемеген.
Қызметкерлер хабарламаға жедел ден қойып, бір тәулік ішінде борышкерді іздеді. Ер адам Павлодарда жасырынғаны белгілі болды.
Полицейлер берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау үшін мәліметтерді уәкілетті органдарға жолдады. Сонымен қатар ШҚО полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.